12 нау, 2020 сағат 12:59

Елімізде коронавирустың алдын алуға байланысты қабылданған шешім қашан өзгереді?

Елімізде коронавирус таралу қаупіне байланысты қабылданған шешім қашан өзгеретіні белгісіз.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларына байланысты өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл шешім еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша жасалды. Эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынына байланысты тағы қосымша шешім қабылданатын болады. Әзірге бұл шешімнің өзгеру уақыты анықталмаған. Эпидемиологиялық қауіп сейілгенше ол да өзгермейді», - дейді Елжан Біртанов.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда қоғамдық іс-шаралардың тоқтатылатынын жария етті.