Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 343 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 992 адам коронавирус инфекциясынан (–19 083+ және 2 909 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 309 пациент стационарда, 17 683 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 343 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр, 60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Ал, 8 желтоқсанда тіркелген мәлімет бойынша, елімізде коронавирустан 20 адам көз жұмған.
Сондай-ақ, 10 желтоқсандағы дерекке сүйенсек, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 834 625 адам, 2-ші компонентін 8 260 725 адам салдырған.
Оның ішінде Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 169 297 адам, ІІ-ші дозасын 8 862 адам қабылдаған.
І-ші компонентімен
135 348 жасөспірім,
9 952 жүкті әйел,
23 997 бала емізетін әйел.
ІІ-ші компанентімен
6 211 жасөспірім,
779 жүкті әйел,
1 872 бала емізетін әйел.
