09 жел, 2021 сағат 10:10

Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 349 адамның жағдайы ауыр


9 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 22 353 адам коронавирус инфекциясынан (–19 371+ және 2 982 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 4 404 пациент стационарда, 17 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 349 адамның жағдайы ауыр,

• 85 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 60 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 9 желтоқсандағы мәлімет бойынша елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 821 764 адам, ал II компонентін 8 243 463 адам салдырған.