14 жел, 2021 сағат 10:27

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 3,1 есе азайды


Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар саны 3,1 есе азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикада оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 980 372 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 437 жағдайы тіркелді. Науқастардың 96 пайыздан астамы сауығып шықты», - деді Алексей Цой. 

Оның атап өтуінше, репродуктивті сан – 0,89 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады.

«Жалпы Қазақстанда соңғы айда ауырған адамдардың саны 3,1 есеге азайды. Стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандардың саны 1,7 есеге қысқарды. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23, реанимациялық төсектер 20 пайызды құрайды», - деді министр.