20 нау, 2020 сағат 20:10

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жетті

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде сағат 20 наурыз 22:00-дегі жағдай бойынша, тағы 3 адамнан коронавирус табылған. 

Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 52 болды. Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда – 28 және Қарағандыда 2 жағдай тіркелген.

Айта кетейік, 16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.