Елордада тағы 1 адамнан коронавирус шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналына сілтеме жасап.
Комитет таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 наурыз, сағат 13-50-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 62 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 32, Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе қаласында 1 жағдай тіркелді.