көрнекі сурет
Елімізде коронавируспен ауырған 397 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің деректерінде айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
28 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 056 адам коронавирус инфекциясынан (–23 439+ және 3 617 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 732 пациент - стационарда, 21 324 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 397 адамның жағдайы ауыр,
• 125 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, осы күнгі ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін - 8 712 773 адам, 2-ші компонентін 8 053 406 адам салдырған.
