Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілістегі үкімет сағатының кулуарында киіктердің атуына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq-ruhy.
«Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық», – деді Нысанбаев.
Алайда министр келесі жылы бөкендердің санын реттеуді қайта бастауға болатынын айтты.