Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасы.
7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 808 125 адам, 2-ші компонентін 8 223 795 адам салдырған.
Ал жасөспірімдер, жүкті әйел және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратқа сәйкес, Pfizer вакцинасының I-ші дозасын 148 843 адам, ІІ-ші дозасын 2 787 адам салдырды.
Оның ішінде: І-ші компонент салдырған жасөспірімдер – 119 258, жүкті әйелдер – 8 706, бала емізетін әйелдер – 20 879.
ІІ-ші компанентін салдырған жасөспірімдер – 1 910, жүкті әйелдер – 245, бала емізетін әйелдер – 632.
