23 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 733 адам анықталды, 191 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 9 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.
Сейсенбі күні Алматы қаласында - 88, Шығыс Қазақстан облысында - 71, Қостанай облысында - 67, Солтүстік Қазақстан облысында - 64, Атырау облысында - 62, Алматы облысында - 49, Батыс Қазақстан облысында - 40, Қарағанды облысында - 34, Маңғыстау облысында - 18, Жамбыл облысында - 12, Қызылорда облысында - 8, Ақтөбе облысында - 8, Шымкент қаласында - 6, Түркістан облысында 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері 148 708 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 133 510 адам жазылды. 2 209 адам қайтыс болды. Covid өлімі дерегіне коронавиус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.
Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 22 желтоқсанға дейін 44 795 адам шалдыққан, 481-і қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сенсек, 23 желтоқсандағы мәлімет бойынша 24 863 адам короновирус инфекциясынан (12 989 КВИ+ және 11 874 КВИ-) емделуде.
Олардың ішінде 4 437 пациент стационарда, 20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 239 адамның жағдайы ауыр; 50 пациенттің жағдайы өте ауыр; 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.