09 қар, 2020 сағат 06:00

Елімізде бір тәулікте 610 адамнан коронавирус анықталды

8 қарашада Қазақстанда 610 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол күні 175 адам дертінен айықты. Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.

Өткен тәулікте ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (254) тіркелген. Павлодар облысында - 61, Қостанай облысында - 60, Батыс Қазақстан облысында - 45, Солтүстік Қазақстан облысында - 42, Нұр-Сұлтан қаласы - 29, Алматы қаласында - 26, Қарағанды облысында - 16, Алматы облысында - 13, Ақтөбе облысында - 9, Жамбыл облысында - 4, Атырау облысында - 4, Шымкент қаласында - 3, Түркістан облысында 2 адамнан коронавирус табылған. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.

Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар саны 116 772 адамға жетті. 108 мыңға жуығы жазылған.

Наурыз айынан бері коронавирустан кемінде 1893 адам қайтыс болған.

Диагнозы тек ауру белгілері бойынша қойылатын коронавирус пневмониясы 39 мыңнан астам адамнан анықталған, 409 адам қайтыс болған. Үкімет коронавирус пневмониясы дерегінің аймақ бойынша бөлінісін де жүйелі түрде жарияламайды.