Елімізде коронавирус жұқтырған 121 пациенттің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
26 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 696 адам коронавирус инфекциясынан (–24 635+ және 3 787 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 857 пациент стационарда, 21 839 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 422 адамның жағдайы ауыр,
• 121 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 26 қарашада мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін - 8 690 377 адам, 2 - ші компонентін 8 024 665 адам салдырды.
