Елімізде дәл қазір 24 125 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«6 желтоқсандағы мәлімет бойынша 24 125 адам коронавирус инфекциясынан (20 921 КВИ+ және 3 204 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 948 пациент - стационарда, 19 177 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 359 адамның жағдайы ауыр, 97 пациенттің жағдайы өте ауыр, 59 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада .
Сондай-ақ, ведомство мәліметіне сүйенсек, 6 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 783 874 адам, 2-ші компонентін 8 182 339 адам салдырған.

