07 жел, 2021 сағат 09:30

Елімізде 110 мың жасөспірім және 8 мың жүкті әйел коронавирус вакцинасын алды


Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 8 795 168 адам, екінші компонентін 8 203 255 адам алды. 

Жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар арасында 6 желтоқсандағы дерек бойынша, «Pfizer» вакцинасының️ I дозасын - 137 854 адам, ІІ дозасын 1 229 адам салдырды. 

І компонент:

Жасөспірімдер – 110 337

Жүкті әйелдер – 8 097

Бала емізетін әйелдер – 19 420.

ІІ компонент: 

Жасөспірімдер – 881 

Жүкті әйелдер – 102

Бала емізетін әйелдер – 246.