03 қаң, 2021 сағат 11:03

Еліміз қаупі төмен «жасыл» аймақта тұр - министрлік

Елімізде КВИ-ден емделгендер саны 87%-ға дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық жағдайы бүкіл әлем бойынша тұрақсыз болып қалуда. Әлемнің 220 елінде КВИ-мен ауырған 84 000 000 жағдай тіркелді, оның ішінде 1 840 000 адам осы дерт салдарынан көз жұмды (2,2%). Біздің елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ диагнозы қойылған», - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

Сондай-ақ, ол бүгінгі күні елімізде сауыққан адамдардың саны 87%-ға дейін өскенін айтты. 

«Ал маусым-шілде айында жазылып шыққандар қатары 60% аспайтын. Республика қауіпі төмен – жасыл аймақта тұр. Тәуекелі жоғары немесе қызыл аймақта Атырау облысы қалды, тәуекелі орташа немесе сары аумақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары қалды», - дейді ол.