13 шіл, 2022 сағат 21:53

Елена Рыбакина Үлкен шлем турнирінде қанша табыс тапты?


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін $2 млн табыс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Төменде спортшының Үлкен шлем турнирлерінде өнер көрсеткені үшін алған барлық гонорары көрсетілген. Ол барлығы 3 745 108 доллар табыс тапқан. 

«Ролан Гаррос»-2019: бірінші айналым, $ 40 000 

US Open-2019: бірінші айналым, $ 58 000 

Australian Open-2020: үшінші айналым, $ 124 138 

US Open-2020: екінші айналым, $ 100 000 

«Ролан Гаррос»-2020: екінші айналым, $ 84 000 

Australian Open-2021: екінші айналым, $ 115 500 

«Ролан Гаррос»-2021: ширек финал, $ 283 500 

Уимблдон-2021: 1/8 финал, $ 211 770 

US Open-2021: үшінші айналым, $ 180 000 

Australian Open-2022: екінші айналым, $ 102 200 

«Ролан Гаррос»-2022: үшінші айналым, $ 126 000 

Уимблдон-2022: титул, $ 2 320 000 

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA әлемдік рейтингінде 23-ші орын) Ұлыбританияның ашық чемпионатының финалында Тунис өкілі және WTA рейтингінде әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 50 минутқа созылды.