24 сәу, 2020 сағат 12:54

Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму шаралары қаралады», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.