Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына қол қою туралы» Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Әділет» ақпараттық-құқықтық порталына сілтеме жасап.
10 қазан күні Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясына қол қою туралы» №561 Жарлыққа қол қойды.
Осы аталған құжатпен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенциясының жобасы мақұлданды.