15 жел, 2021 сағат 19:07

Елбасы Президенттің барлық бастамаларын қолдауға шақырды


ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында қазақстандықтарды Президенттің бастамаларын қолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге алдағы уақытта бейбітшілікті жақтайтын саясатымыз бен халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы игі әрекеттерімізді жалғастыра беру керек. Солай істеліп жатыр. Көпшілік халықтың қолдауымен ресми жоғары билік тізгінін қолына алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінде стратегиялық бағдарламаларымызды лайықты жалғастырып, елді тиімді басқарып келеді», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, ол қазақ тарихындағы өкінішті сәттердің бәрі ел бірлігіне сызат түскен кезде орын алғанын еске салды.

«Тарихтан білесіздер. Қазақ қосылған кезде жеңбеген жауы болған жоқ. Қазақ кішкене ыдыраған кезде кім болса, сол келіп талап кеткен. Соны өзіміз де, жастарымыз да ешқашан ұмытпауы керек. Сондықтан Президентімізді қолдап, бастамаларының барлығына жұмыс істеп, бір адамдай болса, бір қолдан жең шығарсақ, бір жағадан бас шығарсақ, болашақтағы табыстарымыз мол болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.