Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті.