19 ақп, 2020 сағат 15:34

Елбасы Асқар Маминді қабылдады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-министрі Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Elbasy.kz ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндады.

Сондай-ақ, кездесуде А.Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шаралары туралы айтып берді.