20 нау, 2020 сағат 08:16

Ел ішінде әртүрлі фейк тарады, бірақ Қазақстанда коронавирустан ешкім қайтыс болған жоқ - Ералы Тоғжанов

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясынан Қазақстанда адамдардың көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус инфекциясы әлемнің 160 еліне тарағаны белгілі. Бүгінгі таңда елімізде 49 факті тіркеліп отыр. Қазір ел ішінде әртүрлі фейктер тарап, өлім шығыны туралы әртүрлі мәлімет айтылып жүр. Республикада ешқандай өлім жағдайы тіркелген жоқ», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында. 

Ералы Тоғжанов қазіргі уақытта Үкімет тәулік бойы жұмы істеп, маңызды әрі нақты шешімдер бір-екі күннің ішінде қабылданып жатқанын айтып өтті.