Фото: caepco.kz
Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions басшысы болды. Ақпаратты компания растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Karabatan Utility Solutions ЖШС 2014 жылы құрылған және Samruk-Kazyna Ondeu ЖШС (бұрынғы "Біріккен химиялық компания" ЖШС) еншілес кәсіпорны болып табылатын "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниялар тобына кіреді.
Игорь Ильин Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген. 2013 жылы инженерлік қызметтер, дизайн және өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді енгізу саласындағы әлемдік көшбасшы Worley Parsons компаниясында тағылымдамадан өткен.
Юрий Ильин - бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ведомство басшысы болды. Ол 2023 жылы 10 маусымда Абай облысында 14 орманшы қаза тапқан ірі орман өртінен кейін қызметінен босатылды.