Экономика саласы бойынша 2020 жылдың Нобель сыйлығы аукциондар теориясын дамытқаны және аукциондардың жаңа форматын жетілдіргені үшін берілді.
Бұл сала бойынша Пол Милгром мен Роберт Уилсон лауреат атанды, деп хабарлады Нобель комитеті.
Швеция банкі тағайындаған экономика саласындағы бұл сыйлық 1969 жылдан бастап беріледі. Ол ресми түрде "Нобель сыйлығы" деп аталмайды, "экономика саласы бойынша Альфред Нобель атындағы сыйлық" деп аталады. Осы сыйлықтың лауреаттары жарияланғаннан кейін Нобель аптасы ресми түрде аяқталады.
Былтыр бұл сыйлық Үндістан, АҚШ, Франция ғалымдарына жаһандық кедейшілікпен күреске жаңа әдіс тәжірибе енгізгені үшін берілген.
Стокгольмде 5 қазанда жыл сайын өтетін Нобель апталығы ашылды. Сол күні физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері жарияланды. Оны ғалым Харви Альер, Майкл Хоутон және Чарльз Райс С гепатитін зерттегені үшін алды.
Физика саласындағы сыйлық қара ойықты зерттегені үшін берілді. Роджер Пенроуз, Райнхард Генцель және Андреа Гез лауреат атанды.
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығы геномды өңдеу әдістерін дамытқаны үшін Эммануэль Шарпантье мен Дженнифер Дуднаға берілді.
2020 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын америкалық ақын Луиза Глюк алды.