01 там, 2019 сағат 04:02

Экология министрі жаңадан құрылатын сарапшылар кеңесiнің құрамына белсенділерді шақырды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңадан құрылатын сарапшылар кеңесiнің жұмысына қатысу үшін белсенділерді шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Экология, геология, су ресурсы, орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі - біздің министрліктiң жұмысы. Біз аталған бағыттар бойынша сарапшылар кеңесiн құратын болдық. Сондықтан үкiметтiк емес ұйымдарды, сарапшыларды, қоғам белсенділерін кеңес жұмысына қатысуға шақырамыз», деп жазды Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, министрлік сарапшылармен бірлесіп мәселелерді бірлесіп шешпек.

«Сарапшылар кеңесiнiң жұмысы толғағы жеткен мәселелерді қоғаммен бірге талқылап, нақты шешу жолдарын ұсынатын нағыз алаңға айналмақ. Осыған орай, барлығыңызды белсендi қатысуға шақырамыз», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министр ұсынысқа қызығушылық танытқандар үшін хабарласатын +7 7017932418 телефон нөмірін көрсетті.