25 қар, 2019 сағат 20:18

Екі жасар өгей баласын ұрып өлтірген алматылық 20 жылға сотталуы мүмкін

Екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деген күдіктіге қатысты іс аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«1985 жылы туған азаматқа қатысты іс аяқталды. Күдікті ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес айыпталуда және іс Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Аталған бап талаптары күдіктіні 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді қалалық прокуатураның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыда 2 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды. Оқиға 23 қыркүйек күні болған. «Медицина қызметкерлері 2 жасар ұл баланың ес-түссіз жатқанын айтты. Баланың миында қан ұйыған, көп жарақат алған, іші соғылған, аяқ-қолдары ұрылған. Бала комаға түсіп қалған. Кейін таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды.