Фото: ҚР ДСМ
Алматы мен Астанада өткен аптада екі қайтыс болғаннан кейінгі донорлық процесс жүзеге асып, бірнеше күрделі трансплантация сәтті орындалды. Нәтижесінде күту парағында тұрған алты қазақстандықтың өмірі сақталып қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Донорлардың туыстарының келісімі және медициналық ұйымдардың үйлесімді жұмысы арқасында жүрек, бауыр, екі бүйрек және екі мөлдірқабық (роговица) реципиенттерге қондырылды. Үдеріс толықтай Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың бақылауымен жүргізілді.
Астана
Астананың көпбейінді медициналық орталығында 1977 жылы туған донордан көп ағзалық алу жасалды.
• Бауыр – 1976 жылы туған пациентке,
• Оң және сол бүйрек – 1987 және 1994 жылы туған екі пациентке трансплантатталды.
Операцияларды Ұлттық ғылыми онкология орталығының мамандары орындады.
Алматы
Алматыда 50 жастағы әйелден мидың өлімі анықталғаннан кейін көп ағзалық донорлық алынды. Отбасы келісім берген соң қалада алғашқы жүрек трансплантациясы жасалды.
• Жүрек – жүрек жеткіліксіздігі бар 34 жастағы пациентке қондырылды.
Сонымен қатар:
• Оң бүйрек – 15 жастағы пациентке,
• Сол бүйрек – 30 жастағы әйелге А.Н. Сызғанов атындағы орталықта,
• Екі мөлдірқабық – Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында реципиенттерге трансплантатталды.
Жүрек трансплантациясын Қалалық кардиологиялық орталық пен Астанадан арнайы келген UMC мамандары бірлесіп жүзеге асырды.
Денсаулық сақтау министрлігі донорлардың отбасыларына алғыс білдіріп, мұндай шешімдер жылдар бойы ағза күткен адамдарға өмірді қайта бастау мүмкіндігін сыйлайтынын атап өтті.
