23 қаң, 2021 сағат 13:23

ЕАЭО-ның қай елдерінде ең жас министрлер қызмет етіп жүр?

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жасы үлкен министрлер Ресей, Беларусь және Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ranking.kz.

Атап айтқанда, зерттеу барысында министрлердің жас ерекшелігі бойынша рейтинг жасалған. 

Жыл басында ЕАЭО елдері министрлерінің орташа жасы 49,3 жылды құрады. Ең жас министрлер Арменияда екен: елдегі ведомство басшыларының орташа жасы - 45,3. Ал жасы үлкен министрлер Ресейде тіркелді, яғни бұл елдегі басшылардың орташа жасы 52,2 болды. Қазақстан рейтингінің ортасында орналасты, еліміздегі министрлердің орташа жасы 48-ге жетті. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың (70,8 жаста) жасы үлкен. Ең жасы - Арменияның Әділет министрі Рустам Бадасян, ол 30-ға толған. 

Қазақстандағы ведомство басшылары арасында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста) пен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың (58 жаста) жасы үлкен. Сонымен қатар еліміздегі ең жасы - 1986 жылы дүниеге келген Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.