11 қар, 2019 сағат 19:37

Дзюдодан «Grand Slam» турнирі: Жапонияда ел намысын кімдер қорғайды?

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Жапонияда өтетін «Grand Slam» жарысына қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

«22-24 қараша күндері Жапонияның Осака қаласында дзюдодан кезекті  «Grand Slam» әлемдік турнирі өтеді. Дүбірлі додаға әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев (60 келі), одан бөлек Жансай Смағұлов пен Жанболат Бағытбергенов (екеуі де 73 келі), Руслан Мусаев (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі) және Ерасыл Қажыбаевтар (100 келіден жоғары) қатысады. Аталған спортшылардың барлығы жарысқа тыңғылықты дайындалды. Спортшыларымыз жарыстан жеңіспен оралады деп үміттенеміз», - деді Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов.

Ал бұрымды балуандардан Осака татамиінде ел намысын Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі), Севара Нишанбаева (57 келі) және Зарина Райфова (78 келі) қорғайды.