12 жел, 2017 сағат 14:27

Дүйсенова: "Қазақмыс" жұмысшылардың жалақысын көтеруге келісті

"Қазақмыс" корпорациясы мен кәсіпорын басшылығы арасындағы келіссөздер аяқталып қалды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. 

"Келіссөздер аяқталып қалды. Жалақыны көтеру жөнінде мәселе болды, жұмыс беруші келісіп отыр, қазір қол қою жағын қарастырып жатыр", — деді Дүйсенова журналистерге.

Қарашаның соңында Қарағанды облысының әкімдігі Оңтүстік Жезқазған кеніші мен "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы арасында еңбек дауы туындағанын хабарлаған болатын.