07 сәу, 2021 сағат 11:25

Дубайдан келген қазақстандықтан коронавирус табылды

Дубайдан келген қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 31 халықаралық әуе рейсі келді. 

4 388 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4367 адам, анықтамасыз 21 ҚР азаматы келді. 

 Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 450 жолаушы, анықтамамен - 2 430, анықтамасыз - 20; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 748 жолаушы, анықтамамен - 747, анықтамасыз - 1;

Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 915 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 275 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.