29 ақп, 2020 сағат 09:44

ДСҰ коронавирус қаупі ең жоғары деңгейде деп жариялады

Twitter арқылы трансляция жасалған баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус ДДҰ Covid-2019 қаупінің бағалануын барынша жоғары деңгейге дейін көтергенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алайда ДДҰ өкілдерінің мәліметінше, жаһандық деңгейде коронавирус әлі пандемия емес, әзірге бұл - әртүрлі елдердегі індет қана.

ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы Covid-2019 коронавирусың таралу жағдайы бойынша (28 ақпан 22:30-дағы жағдай бойынша) ақпарат таратты. Соңғы тәулікте тағы үш елде (Беларусь, Литва және Нидерланд) вирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғаны туралы хабарланды. Еуропада ауру жұқтыру жағдайларының расталған саны – 1 123, одан көз жұмғандар – 23.

Жалпы алғанда, Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 49 елде 4 351-ге жетті, 67 адам қайтыс болды.