13 там, 2020 сағат 08:00

ДСМ: Коронавируспен ауырған 423 адамның жағдайы нашар

13 тамыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазір елімізде 23 281 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 бала бар. Стационарларда 4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.