27 қаң, 2022 сағат 18:08

Достық және Алтынкөл стансаларының басшылары қызметтен босатылды


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев «KTZE-Khorgos Gateway» құрлық портының, «Нұр жолы» және «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақстандық-қытайлық шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңыдағы теміржол станцияларының басшылары өз қызметтерінен босатылды.

Айта кетейік, 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендегі былықтарды жоюды тапсырған болатын. Әсіресе, Қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде тәртіпсіздіктер көп.

"Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде Мемлекет басшысы кеден шекарасындағы тәртіпті орнату жұмыстыраның басталып кеткенін айтты.

"Біз кеден шекарасында тәртіп орнату бойынша тиімді жұмыстарды бастадық. Сонымен қатар заңсыз әрекет арқылы бизнес үшін түрлі кедергі келтірген кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз. Заңға қайшы мұндай әрекеттерге қарсы бағытталған жұмыс жақын уақытта нәтижесін береді деп сенемін", - деді Тоқаев.