11 нау, 2020 сағат 10:50

Досаев ҚР Президентіне еліміздің қаржы нарығындағы жағдай туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына еліміздің қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.