© Photo: dos_mukasan_official / Instagram
"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов 75 жасында дүниеден озды, деп хабарлады топтың әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.
"Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті.
Ол біздің ансамбльді құрушылардың бірі, барабаншы болды. "Дос-Мұқасан" ансамблі марқұмның балаларының, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын тұлға ретінде қалады!
Жатқан жері жарық болсын!", - делінген жазбалда.