Осыдан төрт күн бұрын коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп ауруханадан шығып, ем алуды Ақ үйде жалғастырады, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
Трампты емдеп жатқан оның дәрігерлері ел президентінің жағдайы жақсы екенін Twitter-де жазған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, 72 сағат ішінде Трамптың дене қызуы қатты көтерілмеген.
Президенттің жанындағы қанша адамның коронавирус жұқтырғаны әзірге белгісіз.
«Ковидтен қорқудың қажеті жоқ. Коронавирустың өміріңізде үстемдік етуіне жол бермеңіз. Біз керемет дәрі-дәрмектер ойлап таптық. Менің жағдайым 20 жыл бұрынғыдан да жақсы!» - деп жазды Трамп Twitter-де.
Еске сала кетейік, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы коронавирус жұқтырған болатын.
Кейіннен Дональд Трамп тікұшақпен әскери госпитальға жеткізілген еді.