АҚШ президенті Дональд Трамп алда өтетін президенттік сайлауға ресми түрде кандидат болды, деп хабарлайды NBC News агенттігі.
Дональд Трамп осы жылдың қараша айына жоспарланған президенттік сайлауға Республикалық партия атынан түспек. Бұл Республикалық партияның бүгін Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласында өткен жалпыұлттық съезінде дауыс беру нәтижесінде анықталды.
Еске салсақ, АҚШ-тың Демократиялық партия съезінде Джо Байден ресми түрде АҚШ президентіне үміткер болды.
Байденнің кандидатурасын қолдаушылардың арасында АҚШ-тың бұрынғы президенттері Бил Клинтон мен Джимми Картер, сондай-ақ АҚШ-тың вице-мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл бар.