09 жел, 2019 сағат 09:41

Дмитрий Баландин АҚШ-тағы чемпионатта «күміс» алды

АҚШ-та жүзуден ашық чемпионат аяқталды. Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан үшін жүлдені Дмитрий Баландин жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 2:09.71 уақытын көрсетті. Бұл, турнирдің «күміс» медалін иеленуге мүмкіндік берді. Жеңімпаз спортшы – америкалық Коди Миллер болды (2:09.67). «Қоланы» оның отандасы Эндрю Уилсон иеленді (2:10.10).