Ұшақты Минск қаласына қондыруға мәжбүр болған әуе диспетчері Олег Галегов Польша билігінің сауалдарына жауап берді. Ұшақ бортында белорус оппозициялық блогері Роман Протасевич болған.
The New York Times дереккөзінің мәліметінше, Галегов жазда белорус-поляк шекарасын заңсыз кесіп өткен. Варшавада АҚШ елшілігіне хабарласқан, бірақ елшіліктегілер оған поляк билігіне жүгінуге кеңес берген. Әуе диспетчері жергілікті билікке ұшақты Минск қаласына мәжбүрлеп қондыру операциясын Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізгенін айтты.
The New York Times газетінің хабарлауынша, диспетчер Польшадан кеткен, оның қазір қайда екені белгісіз.
23 мамырда Беларусь билігі Грекиядан Литваға ұшып бара жатқан Ryanair ұшағын мәжбүрлі түрде Минскіге қондырған. Минск "ұшақта бомба бар" деген, бірақ борттан жарылғыш зат табылмаған. Есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық блогер, Nexta телеграм-арнасының негізін қалаған Роман Протасевич пен оның жүрген қызын ұстап, қамауға алған. Оларға кейін "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" және "әлеуметтік араздық қоздырды", "халыққа билікті жеккөрінішті қылды" деген айыптар тағылды.
Батыс Минскінің әрекетін сынап, "ұшақты мәжбүрлі түнде қондырып, адам ұрлағаны үшін" жаңа санкция салды.