Фото: emodika.ru
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа жыл қарсаңында ойнайтын «Құпия Сантаға» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Құпия Сантаға» біздің дінімізде де, дәстүрлерімізде де жоқ. Сондықтан бөтен мәдени ұғымдарды қолданудың немесе мәжбүрлеудің орнына, ұлттық салт-дәстүрлерге және адамдардың жүрегін жақындататын исламның асыл қағидаларына негізделген құндылықтарды насихаттау әлдеқайда орынды», – деген Бас мүфтият CMN.KZ-ке берген жауабында.
Сонымен қатар ҚМДБ өкілдері Жаңа жыл дін мерекесі емес екенін еске салды. Алайда оны тек жылдың бастамасы ретінде қабылдап, осы уақытты ізгі істерге, бір-біріне дұға етуге және адамдарға сәттілік тілей отырып өткізсе, онда оның еш әбестігі жоқ.
«Дегенмен, егер тойлау арақ ішу, ерлер мен әйелдердің шектен тыс араласуы және шариғатта тыйым салынған басқа әрекеттермен қатар жүрсе, онда бұл қабылданбайды», – деп ескертті Діни басқарма.
