Димаш Құдайберген 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі белгілі Barclays Center аренасында «Arnau tour ENVOY» бірегей шоуын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық әншінің концертіне билеттер 13 қыркүйекте сатыла бастаған, 1,5 ай ішінде Димаштың жанкүйерлері барлық 7000 билетті сатып алған. Оның 75 пайызы - америкалықтар.
Бұл - Димаш талантының жарқын куәсі, сондай-ақ әншінің шығармашылығы белгілі бір мәдени шеңберден тыс әмбебап және әртүрлі ұлт пен ұлыстардың жүрегінен орын алғанының жарқын үлгісі. Осындай жанкүйерлер тарапынан көрсетілген қызығушылыққа орай, TIcketmaster.com сайтында Димаштың алдағы концертіне фан-зона мен шеткі қатарлардан тағы 2000 билет сатылымы ашылды. Демек, шоуға билет алып үлгермегендер үшін тағы мүмкіндік бар.
Димаштың Лондонда өткен концертінде де осындай аншлаг болған. Indigo at the O2 концерт залы орындаушының алғашқы жеке концертіне әлемнің 45 елінен 4600 көрерменге орын тарту етті.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндеріндегі ерекше шара болмақ. Тартымды шоу бағдарламасы мен әншінің елітер сахналық образдарын қазақстандық жас мамандар тобы дайындады.
Қазақстандық талантты азаматтардың ортақ жұмысы – «Arnau tour ENVOY» бағдарламасын егжей-тегжейлі ойластырылуына ықпал етті: музыкалық сүйемелдеу, тақырыптық фотосессия, аңдатпа дизайны, бимен сүйемелдеу және тағы басқа. Жасалған жұмыстың нәтижесін жұртшылық 2019 жылдың желтоқсанында көре алады.
«Arnau tour ENVOY» - 2019 жылдың жазында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Жаңа бағдарламада үздік сәттер топтастырылып, жаңа ән, жаңа нөмірлермен толықтырылды.
Америкалық көрермендер ARNAU бағдарламасының үздік пікірге ие болған және бүкіл әлемдегі жанкүйерлер қолданған кейбір нөмірлерін жаңа нұсқада көре алады.
Нью-Йорк сахнасында өтетін шоудың көрермендері үшін Димаш қазақ музыкасының бейнесі, елшісі, бүкіл әлем бойынша еліміздің мәдениетін көтеретін болады. Димаш қазақ, ағылшын, орыс пен қытай тілінде жаңа және ескі хиттерді орындамақ.
Бұған дейін, қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенің 10 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) жеке концерті өтетінін жазған болатынбыз.