14 жел, 2021 сағат 11:48

Димаш «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалінде ән шырқады

Димаш Құдайберген Қытайдың Фучжоу қаласында 8-інші рет өткен «Жібек жолы» халықаралық кино фестивалінің жабылу салтанатында ән салды. Бұл туралы Dimashnews сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Қытайда өткен шарада Ресей композиторы Игорь Крутойдың «Сені сағынып жүрмін» композициясын шырқады. Оның ән айтқан сәтін жанкүйерлері Қытайдың CCTV6 ұлттық телеарнасы ақылы тікелей эфирден тамашалады.

Сондай-ақ шарада Димаш Қытайдың танымал әншісі Чан Шилэймен дуэт құрып, «Heaven and Earth» атты әнді ұсынды.

«Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі 2014 жылдан бері өтіп келеді. Бұл жолы дәстүрлі қызыл кілеммен Ұлы Жібек жолының бойында жатқан елдердің көрнекті өнер қайраткерлері ретінде кинорежиссерлер Хуан Цзяньсинь мен Гуань Ху, жазушы Лю Чжэньюнь, кинопродюсер Марко Мюллер, актрисалар Юй Нань мен Лян Цзин, актер Гонг Цзюнь, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жүріп өтті.

Шарадан кейін Димаш Қытай телеарналарының біріне сұхбат беріп, Шәмші Қалдаяқовтың «Әнім сен едің» әнінен үзінді шырқады», - деп жазады Dimashnews.