25 сәу, 2021 сағат 20:05

Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсірді



Димаш Құдайберген "Be with me" әніне бейнебаян түсірді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Құрметті достар! Мен сіздермен жақында "Be with me" жаңа бейнебаянымның жарыққа шығатыны туралы жаңалықпен бөліскеніме қуаныштымын! Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы - бұл ерекше формат. Жаңа оқиға - Жаңа мен! Премьераны жіберіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар", - деп жазды әнші.