16 мау, 2023 сағат 01:56

Димаш Құдайберген атасын ақтық сапарға шығарып салды

Фото: HalyqUni.kz

15 маусымда Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің атасымен қоштасу рәсімі өтті. Желіде жаназадан видео тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құдайберген Айтбайұлын ақтық сапарға әншінің өзі және жақындары шығарып салды. "Әзірет Сұлтан" мешітінде өткен жиынға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли де қатысты.

Еске салайық, 13 маусымда әнші Димаш Құдайбергеннің атасы дүниеден озды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.