Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 6 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарған.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 12 айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.