Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша депутаттар және аппарат қызметкелерінің бір күндік еңбекақысын коронавирус инфекциясына қарсы күреске бағыттау туралы Қаулы қабылданды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы карантин енгізілген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 коронавирус эпидемиясымен күреске қажетті шараларды жүзеге асыруға арналады.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, ел басшылығы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды қолға алуда.
Осындай қиын-қыстау кезеңде барлық қазақстандықтар ортақ мақсат жолында күш біріктіруіміз керек.