Мәжіліс депутаты Вакиль Набиев жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біздің сауалға жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің баспана алуда кезек пен мониторингіден өтуі рәсімімен байланысты болып отыр», - деді Набиев Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғажановтың атына жолдаған депутаттық сауалында.
Министрліктер мәліметіне қарағанда, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша баспанаға мұқтаждар саны 2020 жылы елімізде 59 406-ны құрап, оның ішінде 876 адам, яғни 1,4 пайызы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алды.
«Осыған байланысты қолжетімді, пайдалануға қолайлы бірыңғай электронды база құру қажеттігі бар деп санаймыз. Онда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өздерінің кезегі қандай тәртіппен жылжып жатқанын көре алар еді», - деді депутат.
Бұл тұрғыда Вакиль Набиев аталған жүйе бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ұсынды.