Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Екібастұздағы төтенше жағдайды апат деп айтуға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мәжілісмен осы жылдың наурызында энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы ұсынысқа Үкімет мұндай шараның орынсыз екендігі туралы жауап бергенін, өйткені Екібастұз ГРЭС-1 және Екібастұз ГРЭС-2 жаңғырту жұмыстары жоспарлы тәртіппен жүргізіліп жатқанын айтқан.
"Бірақ биыл атқарылып жатқан жұмыстың шынайы бағасын көрдік. Екібастұзда болған оқиғаны оқыс оқиға деп атауға болмайды. Бұл - бүкіл жүйенің сәтсіздігі. Ал қазір, өкінішке орай, жағдайды түзете алатын адекватты шараларды көрмей отырмыз", - деді Айқын Қоңыров.
Оның айтуынша, бұл мәселеде жауаптыларды табу мүмкін емес, өйткені энергетикаға бірнеше мемлекеттік органдар жауапты. Ал жеке меншік иелері барлық жауапкершілікті төмен тарифтерге, яғни, шын мәнінде, осы апатты жағдайда зардап шеккен тұтынушыларға аударуға тырысады.
"Төмен тарифтер - бұл бос сөз. Қазақстандықтар электр және жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынылатын тауарлардың саны мен сапасына, сондай-ақ өз кірістеріне сәйкес төледі. Сондықтан барлық себептерді тарифтік саясатпен байланыстыруға болмайды деп санаймыз. Үкімет жоспарлаған Энергетика объектілеріне техникалық аудит жүргізу, әрине, қажетті шара болып табылады, бірақ бұдан ештеңе өзгермейді, объектілердің қайғылы жағдайы бұрыннан белгілі", - деді өз сөзінде депутат.
Қоңыровтың айтуынша, бүгінде энергетикадағы басты проблема ресурстардың емес, мемлекеттік тәсілдердің тапшылығымен байланысты.
Депутат меншік иелерінің ауысуы енді ештеңені шепейтініне сенімді. Энергетикалық қауіпсіздік дағдарысын, атап айтқанда, жылумен жабдықтау дерегін мойындау қажет деп санайды.
"Энергетикалық қауіпсіздік бірінші орынға қойылуы керек. Сондықтан біз елдің энергетикалық қауіпсіздігіне жауапты Үкімет құрылымында тиісті тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік комиссия мен жұмыс органын қалыптастыруды талап етеміз", - деді Қоңыров.