ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Болатбек Молдабеков Ashyq қосымшасы туралы айта келе, қалың жұртқа жеке мәліметтердің тексерілмейтінін тағы да ескерті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз Ashyq қосымшасын барынша қарапайым етіп жатырмыз. Азаматтардың жеке мәліметтері үшін уайым алағдайтынын да түсінеміз. Халық арасында азаматтарды жеке мәліметтері арқылы аңдып, тексереді деген қауесет бар, осы орайда тағы бір айтып өткім келеді, біз ешкімді аңдымаймыз. Ashyq қосымшасы арқылы кімнің қайда барғаны бізге қажет емес, бізге керегі ол кісінің «COVID-19»-ға қатысты мәртебесі. Яғни жүйеде басқа мәліметтер сақталмайды», - деді Болатбек Молдабеков тілшілердің аталған қосымшаның жұмысына қатысты сұрақтарына жауап бере тұрып.
